Жастар арасында Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Жастар арасында Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

28 қаңтар 2021, 18:15
Жеребе тарту рәсімі Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының штаб-пәтерінде өтті.

Футболдан ерлер бөлімінің басшысы әрі УЕФА директорының орынбасары Лэнс Келли Қазақстан құрамасының жетонын алғаннан кейін, біздің команда «I» іріктеу тобына түсті.

Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттеріне Шотландия, Түркия, Бельгия және Дания қарсылас атанды.

Іріктеу кезеңінің матчтары 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың маусымына дейін жоспарланған.

Тоғыз іріктеу топбының жеңімпаздары және екінші орын алған командалардың ішіндегі ең жоғары көрсеткішке ие бір команда финалға тікелей шығу құқығын алады.

Екінші орын алған қалған 8 команда 2022 жылдың қыркүйегіне жоспарланған плей-офф ойындарына қатысып, қалған төрт жолдаманы сарапқа салады.

2023 жылдың жазында жастар арасындағы Еуропа чемпионатын қабылдайтын Грузия мен Румыния құрамалары іріктеуден өткен үздіктерге қосылады.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Фото: Гарольд Каннингем / UEFA / Getty Images

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары