Қазақстан жасөспірiмдер және жастар құрамаларының жолдастық ойындары өтті

Қазақстан жасөспірiмдер және жастар құрамаларының жолдастық ойындары өтті

27 қаңтар 2021, 18:30
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны жалғасуда.

Біздің жасөспірімдер жақында  «Даму Кубогы» халықаралық турниріне қатысады.

Турнир 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Минск қаласында өтеді.

Ойыншылардың кеңейтілгін тізімі мына жерде көрсетілген.

Бүгін қазақстандық жасөспірімдер елордалық  «Астананың» екінші құрамымен жолдастық матч өткізді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы  -  «Астана»-Ж - 2:2

Голдар: Оразбек, 30; Балакиров, 46 - Нұржанұлы, 32; Қуатбай, 88.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы 2004 жылғы жасөспірімдерден құралған.

Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасының қосалқы құрамы да қаралымға жиналды.

Олар күні кеше  «Астананың» негізгі құрамымен күш сынасты.

Қазақстан жастар құрамасы -  «Астана» - 1:4.

Голдар: Жұмабек, 47 - Пиерос, 28; Жақыпбаев, 49; Кусяпов, 78; Прокопенко, 85.

Қазақстан жастар құрамасы 21 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған.

Шақырту алған ойыншылардың тізімін мына жерден қарай аласыздар.

Негізгі құрамның дайындығы мен ойыны ФИФА-ның ресми күнтізбесіне сәйкес өтеді.

Ертең, 28 қаңтарда жастар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жолдастық ойыны фотогалереяда көрсетілген.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары