Ермұхамед Мәулен ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды

Ермұхамед Мәулен ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды

10 ақпан, 13:25
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен тағайындалды.

Ермұхамед Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары «QAZSPORT» арнасының редакторы қыметін атқарған.

2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.

2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды. 

2020 жылы «QAZSPORT» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған. 

Бөлісу
Жоғары