Жастар құрамасына жаңа таланттар алынады

Жастар құрамасына жаңа таланттар алынады

20 ақпан 2021, 18:10
Қазақстан құрама командасының бапкерлер штабы Түркияның Анталья қаласында шұғыл жиналыс өткізіп, атқарылған іс-шараларды талқылады.

Бас командадан бөлек жастар және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері Түркияда жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан футболшылардың аяқ алыстарын байқады. Премьер-лига клубтарында жүрген жас таланттардың алаңға шығуы және олардың бапкерлермен қарым-қатынасы да талқыланды. Жаңадан іске қосылған ақпараттық базаға жаңа мәліметтер енгізіліп, бапкерлік құрам үлкен істі қолға алу барысында қателіксіз қызмет ету мәселелерін сараптады. Мысалы, Қазақстан U19 командасының аға бапкері Александр Кузнецов клубтардың бапкерлерімен тығыз байланыс орнатқанын алға тартты. Ал жастар құрамасының тізгінін ұстаған Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов командаға талантты ойыншылар тапқанын жеткізді. 

Қайрат Нұрдәулетов, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері:

- Біздің жасап жатқан жұмысымыздың нәтижесі алдағы уақытта нәтижесін береді. Бізден кейін де бапкер болған мамандар осы статистикаға, сандарға жүгіне алатын болады. Сондықтан да, қазір еліміздегі әрбір футболшының физикалық әлеуетін тіркеп жатырмыз. Бір қуанатыным Қазақстан жастар құрамасына алынатын бірнеше талантты жастарды таптық.

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары