Қазақстан футбол федерациясы Игитаны «Әлемнің үздік қақпашысы» марапатымен құттықтады

Қазақстан футбол федерациясы Игитаны «Әлемнің үздік қақпашысы» марапатымен құттықтады

26 ақпан 2021, 15:30
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Леонардо де Мело Виейра Лейте «Игита» бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған еді.

Футбол үйінде өткен кездесуде Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Игитаға шапан жауып, федерация президенті Әділбек Жақсыбековтің атынан алғыс хат табыстады. 

Азамат Серікұлы Игитаның отандық футзалды дамытуда қосып келе жатқан үлесіне алғыс білдіріп, 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Беларусьқа қарсы өтетін ойындарда сәттілік тіледі. 

«Мұндай марапатты алу мен үшін үлкен қуаныш. Еңбегімді бағалаған Қазақстан футбол федерациясына мың алғыс. Бұл қосымша күш-жігер берері анық. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаға қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасап келеді. Біздің міндетіміз жақсы ойын мен оң нәтиже көрсету», – деді Игита.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары