Футзалдан Қазақстан құрамасы Минскке келді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Минскке келді

06 наурыз 2021, 15:01
Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Нұр-Сұлтан – Минск бағытымен Беларусь астанасына ұшып келді. Кешке Рикардо Кака шәкірттері алғашқы жаттығуын өткізеді.

Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойыны 8 наурызға жоспарланған. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын елорда уақытымен 22:30-да басталады.

Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы өз тобында көш бастап келеді. Алғашқы екі ойында біздің команда Венгрия (5:0) және Беларусь (5:2) құрамаларын өз алаңында қабылдап, жеңіске жеткен еді.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары