Сағи Совет: «Оң нәтижеге мінездің арқасында қол жеткізе аламыз»

Сағи Совет: «Оң нәтижеге мінездің арқасында қол жеткізе аламыз»

03 маусым 2021, 21:10
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Сағи Совет 2023 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирің аясында Бельгиямен өтетін ойынға дайындық туралы айтты:  

- Жеңіс үшін ойнаймыз. Жігіттердің ынта-жігері күшті. Жасыл алаңда күшіміз тең. Жеңімпазды ойын анықтайды. Бельгия - мықты қарсылас. Топтың көшбасшысы. Еш қарсыластан қорықпаймыз. Жанкүйерлердің қолдауымен тартысты ойын көрсетуге дайынбыз. Жанкүйерлер алға жетелейтіні анық. Ақтөбе - еліміздегі футболы дамыған қала. Бапкердің тапсырмасын орындау арқылы және мінездің арқасында оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. 

Бөлісу
Жоғары