Қазақстан мен Өзбекстан ойындарына аккредитация қабылданады

Қазақстан мен Өзбекстан ойындарына аккредитация қабылданады

08 желтоқсан 2021, 09:33
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 14 және 15 желтоқсан күндері футзалдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық ойындарға аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Ойын кестесі:

14 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

15 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

*Ойындардың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасының «жасыл белгісімен, сондай-ақ барлық санитариялық нормаларды (маска және әлеуметтік қашықтық) сақтай отырып жүзеге асырылады.
 

Бөлісу
Жоғары