Бұл барша Қазақстанның жеңісі!

Бұл барша Қазақстанның жеңісі!

29 қаңтар 2022, 00:20
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков жанкүйерлерді футзалшылардың жеңісімен құттықтады.

«Қазақстан футзал құрама командасы барша Қазақстанды жеңісімен желпінтіп тастады. Теледидар алдында отырған әрбір отандасымыз олардың жетістігімен мақтанады. Көк байрағымызды желбіретіп, намысымызды бір көтеріп тастады. Еуропа чемпионатының топтық кезеңінен бірінші орын алып, плэй-офф сатысына жолдама алды. Бұл ел спортының елеулі оқиғасы десек те артық емес. Енді футзалшыларымыз осы алған бетінен таймаса, әлі де асуларды бағындыра бермек. Қолдау көрсеткен әрбір жанкүйерге мың алғыс айтамын», - деді Әділбек Жақсыбеков. 

Бөлісу
Жоғары