Асқар Қожабергенов: «УЕФА-ға енгеннен бастап футболдың жаңа лебін көре бастадық»

Асқар Қожабергенов: «УЕФА-ға енгеннен бастап футболдың жаңа лебін көре бастадық»

27 сәуір 2022, 10:16
Қазақстан футболының ардагері Асқар Қожабергенов отандық футболдың УЕФА-дағы жиырма жылдығының маңыздылығын атап өтті.

– Жиырма жыл ұзақ мерзім емес. Алайда осы жиырма жылдан ішінде Еуропа футбол қауымдықтастарының одағына қосылу дұрыс қадам екенін аңғардық. Мен Азияда ойнадым. Сол жылдары Азия футболы Еуропа сияқты қатты дамымаған еді. УЕФА-ға енгеннен кейін балалар футболын жақсарта бастадық. Алайда, атқаратын жұмыстар өте көп. Өйткені, Еуропаға енген сәттен біздің футбол қарыштап дамып, жеңістерге бірден жетеміз деп ойладық. Бұл оңай жол емес еді. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін біздің елде қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу керек болатын. 90 жылдары футбол үшін өте қиын болды. Көптеген футболшыларымыз бен бапкерлерімізден айырылып қалдық. УЕФА-ға енгеннен бастап футболдың жаңа лебін көре бастадық. Бірінші кезекте футбол орталықтарын құру. Мұның бәрі көп еңбекті талап ететін жұмыс. Қазақстанды әлі де қыруар жұмыстар күтіп тұр. Бірінші кезекте – инфрақұрылым. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің мемлекет екі ғана стадион салды. Біздің елдің әлеуеті зор. Сол себепті болашақта ірі халықаралық жарыстарды қабылдау инфрақұрылым саласында үлкен серпіліс әкелері сөзсіз. Әрине, бізде ірі жеңістер болмады Ең негізгісі – еурокубок турнирлерінің топтық кезеңдерінде ойнауға күшіміз жететінін көрсеттік. Көп тәжірибе мен көп қаражатты талап етеді. Мәселен, Ресейде өткен әлем чемпионатында бірнеше стадион салынды, олардың барлығы бүгінде көршілеріміздің футболына қызмет атқарып жүр. Әзербайжан футболының деңгейі бізден алыс емес. Тереземіз тең десек болады. Алайда, олар инфрақұрылымның арқасында Еуропа чемпионаттарының матчтарын қабылдау құқығын ие болды. Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшылығы ардагерлер және аймақтар үшін ашық екенін көрсетті. Бұл өте маңызды. Маңдай термен келген еңбектің жемісін көретін уақыт та алыс деп ойлаймын.

Бөлісу
Жоғары