Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 іріктеу кезеңінің бірінші раундында Румыния және Литвамен ойнайды

Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 іріктеу кезеңінің бірінші раундында Румыния және Литвамен ойнайды

31 мамыр 2022, 20:55
Футболдан 2022/23 жылғы 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының бірінші раундының жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-17 құрамасы "В" лигасының 6-тобына түсті.

Бірінші раундта 48 қатысушы, соның ішінде автоматты түрде финалдық кезеңге өтетін Эстония құрамасы және 2021/22 маусымдағы екінші раундтың қорытынды рейтингі бойынша "А" Лигасына (28 команда) және "В" Лигасына (20 команда) бөлінді. "А" лигасында командалар жеті квартетке, "В" лигасында – екі квартетке және төрт трионға бөлінді.

Матчтар 2022 жылдың 1 тамызы мен 20 қарашасы аралығында өтеді. Турнир иелері кейін анықталады.

ЕЧ -2022/23 іріктеуінің бірінші раундының жеребе қорытындысы:

А Лигасы

A1 тобы: Норвегия, Мажарстан, Чехия, Босния және Герцеговина

A2 тобы: Испания, Грекия, Польша, Бельгия

A3 тобы: Финляндия, Аустрия, Ирландия, Солтүстік Ирландия

A4 тобы: Франция, Исландия, Италия, Швейцария

A5 тобы: Германия (чемпион), Сербия, Словения, Түркия

A6 тобы: Дания, Англия, Украина, Эстония (финалдық кезеңнің иесі)

A7 Тобы: Нидерланд, Португалия, Швеция, Шотландия

 

В Лигасы

B1 тобы: Беларусь, Грузия, Люксембург, Армения

B2 тобы: Косово, Албания, Солтүстік Македония, Молдова

B3 тобы: Хорватия, Болгария, Фарер аралдары

B4 тобы: Словакия, Латвия, Әзербайжан

B5 тобы: Черногория, Израиль, Уэльс

B6 тобы: Қазақстан, Румыния, Литва.                                                                                                                                                      

Бөлісу
Жоғары