Логвиненко, Нәрзілдаев, Қасым және Щеткин алдағы ойындарға қатыспайды 

Логвиненко, Нәрзілдаев, Қасым және Щеткин алдағы ойындарға қатыспайды 

02 маусым 2022, 21:15
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің ойындарына қатысатын футболшылардың нақты тізімін жариялады.

Юрий Логвиненко жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды. Сонымен қатар бапкерлер штабының шешімімен Алексей Щеткин, Думан Нәрзілдаев және Әлібек Қасым қорытынды тізімге енбеді. Футболшылар клубтарына қайта оралды. 

УЕФА Ұлттар лигасының маусым айындағы ойындарына қатысатын футболшылардың нақты тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий, Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада;

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Елдос Ахметов, Михаил Габышев, Ғафуржан Сүйімбаев, Талғат Көсепов;

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский, Эльхан Астанов, Бауыржан Байтана, Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов;

Шабуылшылар: Артур Шушеначев, Абат Айымбетов, Абылайхан Жұмабек.

Бөлісу
Жоғары