Алғашқы ойын, сенімді жеңіс

Алғашқы ойын, сенімді жеңіс

03 маусым 2022, 23:28
Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы Ұлттар лигасы турнирін бастады. Магомед Адиевтің тәлімгерлері алғашқы ойында елордамызда Әзербайжан құрамасына қарсы өткізді.

Осы кездесудің алдында Қазақстан құрамасының бірнеше белді ойыншылары жарақат алып, аталған кездесуге қатыса алмады. Олардың қатарында Бахтиер Зайнутдинов, Стас Покатилов, Серікжан Мужиков, Марат Быстров секілді ойыншылар болды. 

Аталған ойыншылардың жоқ болуына байланысты Адиев жастарға мүмкіндік берді. Жас ойыншылардан алаңға алғашқы минуттан Бауыржан Байтана, Эльхан Астанов секілді футболшылар болды. 

Ал Әзербайжан құрамасының бас бапкері Джанни Де Бьязи болса кіл мықты әрі тәжірибелі ойыншыларына сенім артты. Соның арқасында да қонақ команда бірінші кезеңде үстемдікке көп ие болды.

Әзірбайжан бірінші кезең барысында Игорь Шацкий қорғаған қақпаға 11 соққы жасады. Оның 6-ы қақпаға дәл ұшты. Әсіресе бірінші кезеңнің соңына қарай қонақтар өте белсенді болды. Алдымен 30-минутта Ренат Дадашев қапталдан тепкен еді. Оны біздің қақпашы қайтарып алды. Кейін 36-минутта Азар Салалхи соққы жасаған болатын. Абырой болғанда доп Әзербайжан ойыншысына тиіп, қақпадан қиыс кетті. 

Екінші кезеңді Қазақстан құрамасы өте белсенді бастады. Бас бапкеріміз екінші тайм басталар алдында Байтананың орнына Рамазан Оразовты алаңға шығарды. Алаң ортасында өте белсенді болды. Сөйтіп, 50-минутта доп тура ортада Айымбетовке келді. Абат көп ойланбады. Алыстан қақпаға қақырата тепті. Доп маңдайшаға тиіп қақпаға кіріп кетті. Осылайша Қазақстан құрамасы есепті ашты. 

Араға бір минут өткен Рамазан Оразов өз мүмкіндігін оңтайлы пайдаланып, гол соққан еді. Бірақ төреті бейнеқайталан жүйесіне жүгініп, гол есепке алмады. Оразов ойыннан тыс қалған екен. 

Дегенмен тағы арада бірнеше минут өткеннен кейін Қазақстан құрамасы екінші голын соқты. 58-минутта Абат Айымбетов айып алаңына асырылған допқа бірінші жетті де, есепті еселеді. Бұл сәтте де төреші бейнеқайталауға жүгінді. 4-5-минуттай қарады. Соңында шабулшымыздың голын есепке алды. 

Осыдан кейін ойын бір қалыпты, алма-кезек шабуылмен өтті. Қазақстан құрамасының да, Әзербайжан құрамасының бапкері де тың ойыншыларды шығарды. Бірақ есеп өзгермеді. 2:0. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады. 

Орайы түскенде айта кетейік, бұл Магомед Адиевтің Қазақстан құрамасы бас бапкері ретінде өткізген бірінші кездесуі еді. Тіл-көзіміз тасқан. Бапкер сәтті бастады. Алған бетінен қайтпасын. 

Енді біздің ұжым 6-маусым күні Словкия, 10-маусым күні Беларусь құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Екі ойында сырт алаңда болады.

Қазақстан – Әзербайжан – 2:0 (0:0)

Голдар: Абат Айымбетов 50, 60

Сары қағаздар: Александр Марочкин 36, Елдос Ахметов 38, Исламбек Қуат 90+3 – Эдди Исрафилов 90+1

Казахстан: Игорь Шацкий (қ), Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Елдос Ахметов (Сергей Малый 80), Бағдат Қайыов, Асхат Тағыберген (к) (Самат Жарынбетов 85), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов (Исламбек Қуат 73), Бауыржан Байтана (Рамазан Оразов 46), Абат Айымбетов (Артур Шушеначев 80);

Қосалқы құрам: Бекхан Шайзада (қ), Мұхаммеджан Сейсен (қ), Гафуржан Сүйімбаев, Тимур Досмағамбетов, Михаил Габышев, Владислав Васильев, Максим Самородов;

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Әзербайжан: Шахруддин Магомедалиев (қ), Азер Салахлы, Ходжат Хагверди, Бахлул Мустафазаде, Бадави Гусейнов (Торал Байрамов 79), Максим Медведев (к), Эдди Исрафилов, Эмин Махмудов (Дмитрий Назаров 79), Алексей Исаев (Анатолий Нуриев 68), Махир Эмрели (Рамиль Шейдаев 79), Ренат Дадашов (Намик Алескеров 68);

Қосалқы құрам: Салахат Агаев (қ), Эмиль Балаев (қ), Джалал Гусейнов, Гисмат Алиев, Бахтияр Гасанализаде, Гара Гараев, Ричард Алмейда;

Бас бапкер: Джованни Де Бьязи.

Төрешілер: Иштван Вод, Венцель Тот, Иштван Ольберт (барлығы – Мажарстан)

03.06.2022. Нұр-Сұлтан, «Астана Арена», Нұр-Сұлтан. 19 823 көрермен.

Бөлісу
Жоғары