Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Әзербайжанға есе жіберді

Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Әзербайжанға есе жіберді

22 наурыз 2023, 22:07
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Әзербайжан құрамасымен кездесті.

Ойында Әзербайжан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Мария Ялова жаттықтыратын біздің команда келесі матчын Черногориямен өткізеді. Кездесу 25 наурыз күні Астана уақытымен 19:00-де басталады. 

Іріктеу турнирінің ойындары Босния және Герцеговина елінде өтіп жатыр. 

 

Әзербайжан WU-17 – Қазақстан WU-17 – 2:0 (1:0)

Голдар: Саламзада 17 (пенальти), Хасанова 80

Ескерту: Катран 56, Саржанова 80

Әзербайжан WU-17: Шахмаммадова (қ), Назарали, Аббасзада, Хасанова (к), Акбарова, Саламзада (Алипашаева 85), Муртузаева (Хасанали 77), Абдуллаева, Асадова, Р.Алиева, Пириева;

Резерв: Исмаилова (қ), Ахмадова, Махаррамли, Байрамова, Ульвия, Л.Алиева, Мавлудова;

Қазақстан WU-17: Кондрашова (қ), Ақшолақова, Тұяқбай, Саржанова (Пересунько 87), Жарқынбек (Досболова 82), Абдуллаева, Таласбаева, Махмутова, ІзІмбаева, Алданазар (Қошкарбай 63), Катран (Рахатжан 63);

Резерв: Мұқанова (қ), Цыганова, Шрам;

Аға бапкер: Мария Ялова.

Төрешілер: Вики де Кремер, Маргот Якобс (екеуі де – Бельгия), Мерима Танович (Босния және Герцеговина)

22.03.2023, «Нови-Градски», Углевик, Босния және Герцеговина.

Бөлісу
Жоғары