Джанни Инфантино жекеменшік мектептер арасындағы балалар турниріне қатысты

Джанни Инфантино жекеменшік мектептер арасындағы балалар турниріне қатысты

03 мамыр 2023, 19:33
Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының президенті Джанни Инфантино Қазақстанға жұмыс сапары барысында «JKFL» жекеменшік мектептері мен академиялары арасында балалар турнирінің ашылуына қатысты.

Астана қаласындағы жекеменшік мектептер мен академиялар арасында «JKFL» жаңа маусымының ашылуы «Астана Арена» стадионында өтті. Оған ФИФА президентi Джанни Инфантино мен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қатысты.

Инфантино әлемде футболды дамыту үшін осындай турнирлерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ФИФА-ның бастауымен балалар футболы бағытында жүзеге асырылатын көптеген табысты бағдарламалар мен жобаларды мысалға келтірді.

Айта кетейік, «JKFL» жекеменшік мектептер мен академиялар арасындағы футбол лигасы 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен құрылған болатын. Өткен маусымда «JKFL» лигасына 300-ден астам команда қатысты (5000-нан астам бала). Бұл балалар арасында футболға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Бөлісу
Жоғары