ФИФА президентіне Талғардағы футбол алаңдары таныстырылды

ФИФА президентіне Талғардағы футбол алаңдары таныстырылды

03 мамыр 2023, 21:08
Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы Джанни Инфантиноға «Талғар» спорттық-жаттығу базасын жаңғырту тұжырымдамасы, сондай-ақ Қазақстанда инфрақұрылымды дамыту жоспарлары таныстырылды.

«ФИФА Форвард» бағдарламасы аясында «Талғар» спорттық-жаттығу базасында үш футбол алаңы салынды. Оның екеуіне отандық футболдың дамуына зор үлес қосқан Қазақстанның көрнекті футболшылары Сейілда Байшақов пен Серік Жейлітбаевтың құрметіне аталды. Үшінші футбол алаңына ФИФА-ның бастамасымен әлемдегі жалғыз үш дүркін әлем чемпионы Пелені еске алу бастамасымен Талғар қаласындағы алаңдардың біріне аты аңызға айналған бразилиялық футболшының есімі берілді.

Айта кетейік, жыл басында ФИФА барлық қатысушы елдерге 2022 жылдың желтоқсанында қайтыс болған Пеленің құрметіне бір стадионның атын беруді ұсынды.

Инфантино ҚФФ президенті Әділет Барменқұловқа аты аңызға айналған бразилиялықтың есімін мәңгі тарихта қалдыру бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. 

Кездесу соңында ФИФА президентіне Қазақстан футбол федерациясының кеңсесі мен футбол манежі ішінде экскурсия өткізілді.

Бөлісу
Жоғары