Магомед Адиев: «Кездескен қиындықтарды еңсеруге ұмтылатын командамыз»

Магомед Адиев: «Кездескен қиындықтарды еңсеруге ұмтылатын командамыз»

14 қазан 2023, 02:29
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Даниямен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

– Магомед Мұсаұлы, Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жарқын жеңістердің бірі Данияны Астанада жеңгені (3:2) деп айта аласыз ба?

– Тарих үшін жауап беру маған қиын, алайда мен жұмыс істеген уақытта ең жарқын кезеңдердің бірі деп айтуға болады. Дегенмен бұл нәтиже әрі қарай маңызға ие болмайды. Өйткені, ертең мүлдем басқа ойын болады.

– Дания құрамасының Астанаға сапары ауыр болды, ал сіздің командаңыз Копенгагенге қалай ұшып келді?

– Біз қиындықтарға мән бермейміз. Біз кездескен қиындықтарды еңсеруге ұмтылатын командамыз. Жақсы жеттік, ойынға дайындаламыз.

– Бірнеше футболшының ескертеулері бар. Сол себепті оларды Финляндиямен өтетін ойынға сақтап қаласыз ба?

– Біз ешкімге қамқорлық жасамаймыз. Біз медициналық сақтық шаралары болған жағдайда ғана ойыншыларды қорғаймыз. Өте маңызды ойын күтіп тұр. Сол себепті ертең барлығы алаңға шығуға дайын.

– Қазақстан құрамасын қарсыластары төмен бағалайды деп ойламайсыз ба?

– Ұлттар Лигасында бізді қатты бағаламады. Ұлттық құраманың басты еңбегінің бірі – қарсыластардың біз туралы пікірі қатты өзгертті. Енді қарсыластар бізге қарсы мұқият дайындалады. Бірақ мен үшін қарсыласты бағалау маңызды емес.

– Ойыншылардың наурыздағы ойындары мен қазіргі кездегі функционалдық жағдайын салыстыруға бола ма?

– Алдағы ойындарға жағдайымыз жақсы деген ойдамыз. Кез келген жағдайда бізге ротация қажет. 3-4 өзгеріс үнемі болды. Бір ойынға дайындалып, екінші кездесуді де есте ұстаймыз.

– Зайнутдинов «Бешикташ» командасында қайтадан сол қапталда қорғаушы позициясында ойнай бастады.  Бұл оның ұлттық құрамадағы шабуылдау позициясына бейімделуін тағы да қиындата ма?

– Иә, белгілі бір мәселелер бар. Алғашында ол бізге қызықты позицияда ойнады. Бірақ қазір оның клуб пен ұлттық құрамадағы орны мүлде басқа. Жаттықтырушы ретінде бұл мені алаңдатады. Мен Бахаға «Бешикташтағы» ойындарыңды енді көрмеймін деп әзілдеп айтқан едім.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары