УЕФА ЕУРО-2024 финалдық турниріне журналистерді аккредиттеуге өтінімдерді қабылдауды бастады

УЕФА ЕУРО-2024 финалдық турниріне журналистерді аккредиттеуге өтінімдерді қабылдауды бастады

31 қаңтар 2024, 15:42
УЕФА ЕУРО-2024 финалдық турнирінде жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтінімдерді қабылдауды бастады.

Германияда өтетін УЕФА ЕУРО-2024 финалдық турниріне (14 маусымнан 14 шілдеге дейін) қатысуға өтініш білдіргісі келетін БАҚ өкілдері өз өтініштерін УЕФА медиа порталы арқылы жібере алады. Медиа портал 29 қаңтардан бастап ашық.

БАҚ аккредитациясына өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі 18 сәуір.

Өтінім беру туралы толық ақпарат УЕФА медиа порталында жарияланған. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары