Астанада футбол дәрігерлеріне арналған УЕФА семинары өтті
Оқыту курсына Екінші лига мен футзал клубтарының дәрігерлері қатысты. Курс бағдарламасы түрлі жарақатқа байланысты футболшыларға алаңда және одан тыс жерде көмек көрсетуге, сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясындағы медициналық штабтың үйлесімді жұмысына арналды.
Бірінші күні футбол матчына дайындық, матч кезіндегі жұмыс жоспары және ойыннан кейінгі дебрифинг туралы айтылды. Бұған қоса автоматты сыртқы дефибриллятормен жұмыс жайлы теориялық және практикалық сабағы өтті.
Оқыту курсының екінші күні бағдарламасына практикалық жаттығулар енді. Оның ішінде, бас жарақаты мен мидың шайқалуы, кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы және шұғыл медициналық көмек беру бар.
Қорытынды күні дәрігерлер аяқ-қол жарақаты, іш жарақаты, омыртқа жарақаты, бас және бет жарақаттарын қарастырып, практика жүзінде қайталап көрді.
UEFA Doctor Education семинарының тыңдаушылары:
Сыздыков Жандос – ФК «Кызылжар»
Ердесбай Айдос – ФК «Қайрат»
Шабанбай Айдар – ФК «Астана»
Мәмбетов Ғазиз – ФК «Ақтөбе»
Сабденов Ербол – ФК «Ордабасы»
Кенжебаев Дәулет – ФК «Елімай»
Асқаров Саят – ФК «Жеңіс»
Калауов Тимур – ФК «Тұран»
Арцыбасов Андрей – ФК «Тобыл»
Данилина Наталья – ФК «Алтай-Өскемен»
Абсалямов Руслан – ФК «Оқжетпес»
Аширов Равшан – ФК «Тараз»
Оспанов Азамат – ФК «Ұлытау»
Сахтаганова Асьма – ФК «Каспий»
Жамалдинов Рамиль – МФК «Семей»