Ақжол Дәрібай: Ұлттық құрама үшін әрбір ойында жеңіске жету маңызды

Ақжол Дәрібай: Ұлттық құрама үшін әрбір ойында жеңіске жету маңызды

22 тамыз 2024, 22:00
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ақжол Дәрібай Астанада өткен Тәжікстанға қарсы жолдастық матч туралы пікірін білдірді.

– Барша қазақстандықтарды және командаластарды әлем чемпионаты алдындағы ең алғашқы жеңіспен құттықтаймын. Дайындық кезеңі екі апта өтті. Дайындықтан кейінгі алғашқы ойынымыз болғандықтан қиындықтар болды. Бірінші ойында кішкене сенімсіздік болды, бір-бірімізге үйренісе алмадық. Бапкердің нұсқауы бойынша жылдамдық қосып, тактикалық екі гол соқтық.

Гол әрбір ойыншы үшін жеке нәтиже болғандықтан команданың жеңіске жетуі маңыздырақ. Әрине, қуаныштымын. Командаластарыма, бапкерлердің маған берген сеніміне алғысымды айтамын. Әлем чемпионатына дайындалып жатқандықтан әрбір матчта ресми ойынға шыққандай дайындықпен шығамыз. Өйткені ұлттық құрама үшін әрбір ойында жеңіске жету маңызды.

Бөлісу
Жоғары