Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстаннан басым түсті

Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстаннан басым түсті

22 тамыз 2024, 21:10
2024 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы жолдастық матчын өткізді.

Қазақстандықтардың алғашқы қарсыласы Тәжікстан ұлттық құрамасы болды. Ойын Кака шәкірттерінің 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Голдарды Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Ақжол Дәрібай салды.

Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары арасындағы екінші жолдастық матч 24 тамызда сағат 18:00-де Астана қаласындағы «Сайран Арена» спорт кешенінде өтеді.

Қазақстан – Тәжікстан – 3:0 (0:0)

Голдар: Оразов 31, Тұрсағұлов 31, Дәрібай 36

Қазақстан: Игита (к), Серіков, Жеткірбаев – Кнауб, Иманалин, Тұрсағұлов, Дуглас, Абдуманапұлы, Валиуллин, Есенаманов, Оразов, Рашит, Дәрібай , Досов, Төреғазин;

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака;

Тәжікстан: Джабаров, Исоев – Исмоилов, Ризомов, Алимахмадов, К.Алиев, Умаров, Ёров, Ходжаев, Шарипов, Сардоров, Кузиев, Солиев, Саломов (к), Воситзода;

Бас бапкер: Пайрав Вахидов;

Төрешілер: Аслан Галаев, Төрехан Тұрсымбаев (екеуі де – Қазақстан);

22.08.2024. «Сайран Арена», Астана. 850 көрермен

Бөлісу
Жоғары