Бақылау, тәртіптік және әдеп комитетінің отырысы өтті

Бақылау, тәртіптік және әдеп комитетінің отырысы өтті

24 тамыз 2024, 13:52
2024 жылы 23 тамызда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және әдеп комитетінің отырысы өтті.

БТӘК Алматы облысы футбол қауымдастығының FC Pioneer мен ойыншыларына қатысты қолданылатын санкцияларды республикалық ауқымға дейін кеңейту туралы өтінішін қарады.

Келіп түскен материалдарды қарағаннан кейін Бақылау, тәртіптік және Әдеп комитеті ҚФФ ТЕ 121-бабын Басшылыққа ала отырып төмендегідей шешім қабылдады:

– Матчта жұмыс істеген ресми тұлғаларды жаппай соққының астына алып, дене жарақаттарын салғаны үшін FC PIONEER командасын ҚФФ және жергілікті федерациялар аясында Қазақстан Республикасы аумағындағы өтетін барлық турнирлерден шеттету.

– Әбдиев Айдос, Тілеков Әлихан және Тілеуберді Тәліпті  ҚФФ және жергілікті федерациялар аясында Қазақстан Республикасы аумағындағы өтетін барлық турнирлерден өмір бойына шеттету.

Бөлісу
Жоғары