Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы ойынға билеттер сатылымы басталды

Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы ойынға билеттер сатылымы басталды

02 қазан 2024, 20:16
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы ойынға билеттердің сатылымы басталғанын хабарлайды.

Қазақстан – Словения матчы 13 қазанда 18:00-де Алматы қаласындағы Орталық стадионында өтеді.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы 3000 теңгеден басталады.

Айта кетейік ҚФФ Freedom Ticketon билет операторымен бірлесіп, ұлттық құраманың алдағы матчтарына билетті «атаулы» жасауды жөн көрдік.  Бұдан бөлек, стадионға кіру үшін билетте көрсетілген аты-жөнді жеке куәлікпен растау қажет. Жағымсыз жағдайға тап болмай, ақшаңызды сақтап қалу үшін абай болыңыз! Үшінші тұлғалардан билет сатып алмаңыз.

Біздің құрамаға қолдау көрсетіп, матчтың 12-ші ойыншысы бол. Біз үшін сіздердің қолдауы маңызды!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары