Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысады

03 қазан 2024, 17:52
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бельгияда өтетін 2024/25 жылдың Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Қазақстан U17 құрамасы Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша 2024/25 жылдың Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі өтетін Бельгияға аттанады. Біздің құрама 4-топқа Бельгия, Украина және Косово құрамаларымен түсті. Жарыс 9-15 қазан күндері өтеді.

Турнир ережесі бойынша, іріктеу кезеңі 1 және 2 раундтан тұрады. Алғашқы кезеңде 14 топта үздік болған 28 команда А лигасына жолдама алса, қалған ұжымдар В лигасында ойнайды. Екінші раундта 28 команда төрт-төрттен 7 топқа бөлінеді. Әр топтан үздік шыққан командалар мен жарысты қабылдайтын құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:

Қақпашылар: Мадияр Төлеубек («Ақсу»), Бахтияр Алдашев, Данила Буч (екеуі де – «Қайрат»), Махмұджан Сұңғатуллин («Жас-Қыран»);

Қорғаушылар: Әділет, Сансызбай Санат Нұрболат, Әкежан Каликулов, Райымбек Кеңесбеков (бәрі – «Қайрат»), Хасен Артурұлы, Марғұлан Амантурлин (екеуі де – «Ақтөбе»), Чингис Калиев  («Леванте», Испания);

Жартылай қорғаушылар: Руслан Уәлиханов, Даниял Назаров (екеуі де «Астана»), Әлиден Мұсайыпов, Абылай Төлеухан, Төре Исмағұлов, Евгений Петрик (бәрі – «Қайрат»), Аламгир Смақов (клубсыз);

Шабуылшылар: Мақсат Абраев («Астана»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Исмаил Бекболат, Дәулет Орынбасар, Артур Трубин, Дастан Сатпаев (бәрі – «Қайрат»);
 

Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға жаттықтырушы, Жарқынбек Жоламанов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ербол Мұсабаев – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Серікбаев – видеосарапшы, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Еламан Саурбаев – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өтетін матчтар күнтізбесі:

9.10.2024

Бельгия U17 – Қазақстан U17

 

12.10.2024

Украина U17 – Қазақстан U17

 

15.10.2024

Қазақстан U17 – Косов U17

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары