Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада жиналды

Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада жиналды

08 қазан 2024, 23:00
Біздің футзалшыларымыз 2025 жылы өтетін алғашқы Әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысады.

Қазақстан құрамасы негізгі кезеңінде 6-тобына түсті. Қарсыласымыз – Нидерланд және Польша. Топ жеңімпазы элиталық кезеңге жолдама алады.

Негізгі раундтың ойындарын біз қабылдаймыз. Матчтар 17-19 қазан күндері Астана қаласы, «Сайран Арена» спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, футзалдан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты 2025 жылдың 21 қараша - 7 желтоқсан аралығында Филиппинде өтеді. Турнирге 16 команда қатысады, Еуропадан (УЕФА) 4 құрама іріктелінеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары