Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриядан жеңілді

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриядан жеңілді

11 қазан 2024, 01:50
Қазақстан ұлттық құрамасы 2024/25 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінде үшінші ойынын өткізді.

Топтық кезеңнің үшінші ойыны Линц қаласында «Райффайзен Арена» стадионында өтті. Бұл ойында Австрия құрамасының ойыншылары Баумгартнер, Линхарт, Забитцер және Зайдль көзге түсті.

Станислав Черчесов шәкірттері келесі ойынын 13 қазан күні Словениямен өткізеді. Ойын Алматының Орталық стадионында 18:00-де басталады. 

Аустрия – Қазақстан – 4:0 (1:0)

Голдар: Баумгартнер 10, Линхарт 54, Забитцер 56, Зайдль 79

Ескертулер: Прасс – Әліп 65, С.Астанов 89

Аустрия: А.Шлагер (қ), Пош, Траунер (Свобода 62), Линхарт, Прасс, Лаймер (Гриллич 76), Н.Зайвальд, Шмид (Виммер 62), Баумгартнер (Зайдль 72), Забитцер (к), Адаму (Арнаутович 62);

Резерв: Н. Хедль (қ), Пенц (қ), Фридль, Данилюк, Кверфельд, Вайман, Штегер;

Бас бапкер: Ральф Рангник.

Қазақстан: Шацкий (қ), С.Астанов, Қасым, Әліп, Вороговский, Әбікен (Оразов 46), Исламхан (Самородов 46), Тағыберген (к) (Дарабаев 67), Зайнутдинов (Жақсыбаев 76), Чесноков, Жақсылықов (Шушеначев 59);

Резерв: Покатилов (қ), Заруцкий (қ), Быстров, Балтабеков, Скворцов, Ульшин, Марочкин;

Бас бапкер: Станислав Черчесов.

Төрешілер: Дональд Робертсон, Дэвид Рум, Росс Маклеод, Грант Ирвайн;

VAR төреші: Стивен Маклин;

Қосалқы судья: Грей Эйткен (барлығы – Шотландия).

10.10.2024. «Райффайзен Арена», Линц, 15 300 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары