Станислав Черчесов: «Тек қорғаныста ойнау біздің философиямыз емес»
- Оқу-жаттығу жиынында жоспарымыздың барлығын орындадық. Жақсы ауа-райы болды. Қазақстаннан ұшып келу үшін жолға 15-16 сағат уақыт кетті. Түркия және Ресей чемпионатында ойнайтын футболшылар соңғы екі күнде қосылды. Олар бүгін алғашқы жаттығуларын өткізеді. Олардың жағдайлары қандай екенін анықтаймыз. Дәрігерлермен ақылдаса отырып, шешім қабылдаймыз.
Шушеначев кеше жаттығуға қатысты. Бүгін тағы бір жаттығу бар. Оның бұрынғы ойындарын білеміз, алайда ол жақында жаңа клубқа ауысты. Өзге де жаңадан қосылған ойыншылар ұйымшылдық танытып, жаттығуларда өздерін жақсы қырынан көрсетіп жатыр. Бұл жағынан ешқандай айып жоқ.
Константин Горовенко мен Елдос Ахметовті шақыру менің шешімі болды. Магомед Адиев штабының мамандары қалған жағдайда оларға да ұсыныс тастар едім. Мен қай жерде жұмыс істесем де жергілікті мамандардың көмегіне жүгінемін. Бұл қалыпты тәжірибе. Олар жастармен жұмыс істейді және олардың қабілетін жақсы біледі.
Австрия допты көп ұстайды, сол себепті бізге дайын болу керек. Допқа көп иелік ету кей жағдайда нәтиже бермеуі де мүмкін. Австрия құрамасы Норвегиямен өткен ойында жиі доп ұстағанымен, жеңіліс тапты. Біздің қақпаның алдында қауіпті сәттерді болдырмай, қарсыласқа өз ойынымызды ұсыну керек. Тек қорғаныста ойнау біздің философиямыз емес.