Астанада «Playmakers» жобасы жалғасуда
Делегацияның бұл сапары бағдарламаның белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын және оң нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын көрсетті. Балалар қуанышпен ойын түріндегі жаттығуларға қатысып, физикалық қабілеттерін дамытып, командалық жұмысқа үйреніп, өз күштеріне сенімді бола бастады.
ҚФФ жобаның дамуына қолдау көрсетуді жалғастырып, оны сәтті жүзеге асыру үшін және көбірек баланың спорттық белсенділікке қатысуын қамтамасыз етуге күш салатын болады.
УЕФА-ның «Playmakers» бағдарламасы 5–8 жас аралығындағы, бұған дейін футбол ойнамаған қыз балаларды осы ойынға тартуға бағытталған. Бағдарлама мақсаты – бұл спорт түрімен танысуға қолайлы және жайлы атмосфера қалыптастыру, спортқа қызығушылықты ояту және заманауи жаттықтыру әдістемелерін енгізу. Сабақтар қызықты ертегі сюжеттері негізінде ойын түрінде өткізіледі, бұл балалар үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар өте қызықты болады.