Перемитин КФФ төрешілік және қадағалау департаментінің директоры қызметінен кетті

Перемитин КФФ төрешілік және қадағалау департаментінің директоры қызметінен кетті

27 желтоқсан 2024, 15:38
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Александр Перемитин өз қалауымен қызметінен кетті.

Александр Перемитин бұл лауазымға 2022 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.

Қазақстан футбол федерациясы Александр Ивановичке атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, оған табыс пен үлкен жетістіктер тілейді!

Бөлісу
Жоғары