ҚФФ «Муфаса» мультфильмінің көрсетілімінде UEFA Playmakers жобасының таныстырылымын өткізді
Көрсетілім алдында Қазақстан футбол федерациясы UEFA Playmakers жобасына арналған интерактивті аймақ дайындады. Бұл аймақта көрсетілемге келген кішкентай қыздар жобамен танысып, түрлі ойындарға қатысты. Аймақта қызық формада футбол әлемімен таныстыратын арнайы белсенділік ойындар ойнатылды. Іс-шараға деген қызығушылық өте жоғары болды – әр қыз футболдың сиқыры мен сүйікті мультфильмдердің тартымдылығын біріктіретін бұл қызықты оқиғаның бір бөлшегі болуға тырысты.
Осы ойындар арқылы кішкентай қыздар арасында UEFA Playmakers жобасы мен қыздар футболын танымал ете түсуге мүмкіндік берді. ҚФФ Walt Disney Company, Meloman, Arsenal Cinema компанияларына серіктестік үшін алғысын айтып, Қазақстанда UEFA Playmakers жобасын ары қарай дамыта береді.
Бүгінгі таңда бағдарлама Астана қаласының 25 балабақшасында сәтті жүзеге асырылып, жақында Ақтөбедегі 20 мектепте басталды. Жаттығулар Disney-дің танымал анимациялық фильмдерінің мотивтеріне негізделген бірегей әдістеме бойынша өтуде. Бұл сабақтарды тек спорттық қана емес, сонымен қатар шығармашылық етуде.
UEFA Playmakers жобасы жас қазақстандық спортшы қыздарға үлкен футбол әлеміне жол ашып, спорт пен шығармашылықтың сиқырын біріктіреді!