Астанада PRO санаты бойынша үшінші оқу модулі басталды

Астанада PRO санаты бойынша үшінші оқу модулі басталды

08 сәуір 2025, 12:20
7 сәуірде Астанада PRO санаты бойынша жаттықтырушыларға арналған үшінші оқу модулі басталды.

Оқу барысына 20 тыңдаушы қатысып жатыр. Олардың арасында кәсіпқой футбол клубтарының бас бапкерлері мен көмекшілері бар.

Бағдарлама Қазақстан Премьер-лигасы мен басқа да кәсіби лигаларда жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру мен тәжірибесін шыңдауға бағытталған.

Модуль кезінде қатысушылар теория мен тәжірибені ұштастырып, өзара пікір алмасады. Сонымен қатар, команда басқару, ойыншы дайындау және тактикалық-техникалық тәсілдерді талқылайды.

Сабақтарды тәжірибелі мамандар — Станислав Погорелов, Геннадий Скуртул, Евгений Свешников, Виктор Семёнов және Владимир Никитенко өткізіп жатыр.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары