Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында қатарынан екінші жеңісіне жетті

Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында қатарынан екінші жеңісіне жетті

08 сәуір 2025, 20:00
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында Армениядан басым түсіп, қатарынан екінші жеңісіне жетті.

Матч Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтті. Бірінші таймда есеп ашылмады. Тек екінші таймның басында Қазақстан W құрамасы сапынан Әмина Бибосынова дубль авторы атанды. Армения W жылдам қарымта екі гол соғып кетті. Десе де 71 минутта Айгерім Айтымова қарсылас қақпасын дәл көздеп, жеңіс голын соқты.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының 4-турында Қазақстан W құрамасы сырт алаңда Лихтенштейн командасы 0:4 есебімен ұтқан болатын. Ол кезде Бибігүл Нұрышева дубль жасаса, Карина Берікова мен Әмина Бибосынова ұлттық құрамадағы дебют голдарын соқты.

Ұлттар лигасы. Жалпы кезең. 4-тур

Қазақстан W – Армения W – 3:2 (0:0)

Голдар: Бибосынова 48, 55, Айтымова 71 – Давтян 63, 66

Ескертулер: Бибосынова 45 – Асатрян 82

Қазақстан W: Исмаилова (Қ), Хайрулина, Айтымова, Демидова, Низамутдинова, Нұрышева, Норбаева, Мясникова (К), Берікова, Бибосынова, Тұрлыбекова;

Қосалқы құрам: Портнова (Қ), Тихонова (Қ), Алданазар, Жанатаева, Қаражанова, Попова, Ержанова, Сатығалиева, Жұмабайқызы, Бурова, Рахатжан;

Бас бапкер: Мадияр Кембілов.

Армения W: Кеворкян (Қ), Вартанян, Тейлор, Ли. Казарян, Казанчян, Даллакян, Пизлова, Асатрян, Галстян, Давтян, Арутюнян;

Қосалқы құрам: Погосян (Қ), Казанджян, Тороссян, Хачатрян, Григорян;

Бас бапкер: Артак Адамян.

Төрешілер: Сабина Болич, Гордана Катушич, Майя Брозович, Елена Пейкович (бәрі – Хорватия);

08.04.2025. Астана, «Астана Арена»

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары