Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнам құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнам құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді

06 сәуір 2025, 14:20
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА күнтізбесіне сәйкес 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

ОЖЖ аясында Кака бастаған Қазақстан құрамасы Вьетнам тарапының шақыруымен Хошимин қаласында 13 және 15 сәуір күні екі жолдастық матч өткізеді.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 8 сәуірде Астанада басталады. Алдағы жиынға 14 ойыншы шақыртылды:

Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Азат Валиуллин, Ерсұлтан Сағындықов, Иван Марахов (бәрі – «Аят»), Жахангір Рашит, Дамир Қайырбай (екеуі де – «Қайрат»), Ақжол Дәрібай, Ержан Карменов, Әбдірәсіл Абдуманапұлы (бәрі – «Семей»), Альберт Ақбалықов, Сайфулла Қоспанов (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей)

10 сәуір күні футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Вьетнамға аттанады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары