Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турнирін жеңіспен бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турнирін жеңіспен бастады

13 сәуір 2025, 15:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минсктегі УЕФА Даму турниріндегі алғашқы ойынында Беларусь командасын 3:2 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Әділбек Турдах бірінші таймда дубль авторы атанды. Ал матчтың екінші бөлігінде Абылай Жылқайдар пенальтиден есепті еселей түсті. Беларусь құрамасы сапынан Анатолий Ясточкин мен Евгений Нестеренко көзге түсті.

Келесі матчын Қазақстан U-17 құрамасы 15 cәуірде Қытай құрамасына қарсы өткізеді.

Беларусь U-17 – Қазақстан U-17 – 2:3 (1:2)

Голдар: Ясточкин 30, Нестеренко 84 – Турдах, 3 (с пенальти), 23, Жылкайдар 63 (с пенальти)

Беларусь U-17: Янович (қ), Шулюнов (Верацеников 80), Ясточкин (Ласточкин 74), Здухау, Амялюсик (Санько 61), Лявоненка, Нестеренко, Гудач, Воронин (Цитов 46), Цишкoу, Чычын (Карпович 61);

Қосалқы құрам: Баравик (қ), Ядешка, Якубовский, Бачаускас;

Аға бапкер: Алексей Михайлов.

Қазақстан U-17: Воднев (қ), Авасханов (Беляев 85), Мұқашев, Рамазанов (Әлихан 85), Юсупбеков, Турдах (Луканин 69), Раким (Заречный 85), Жылқайдар (Яковлев 69), Бегалы (Хамидуллин 46), Сәденов, Әкімов (Ақжан 59);

Қосалқы құрам: Шайзада (қ), Килджиев (қ), Иманаков, Рахымбаев;

Аға бапкер: Бауыржан Сағындық.

Төрешілер: Сергей Климашевский, Роман Зелянковский, Александр Апет, Василий Калиновский (бәрі – Беларусь).

13.04.2025. АБФФ стадионы, Минск

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары