Қазақстан U-16 құрамасы ұлттық академиясы Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қазақстан U-16 құрамасы ұлттық академиясы Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

22 сәуір 2025, 20:30
16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ұлттық академиясы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Грузияға аттанады.

FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық академиясының ойыншылары 23 сәуір мен 29 сәуір аралығында Тбилиси қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиын барысында Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу ойнайды. Матчтар күнтізбесі туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

Ұлттық академияның Тбилисидегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Абай Заманбек, Байжан Асхат, Арнұр Дүкенбаев;

Қорғаушылар: Михаил Турищев, Әлиасқар Рахимбаев, Данияр Қаси, Арғын Жұмагелді, Бақтияр Оразғалиев, Дамир Қуанышев, Никита Лисохмар, Дінмұхамед Жақұпов;

Жартылай қорғаушылар: Мансұр Болат, Радмир Хизметов, Әмір Оспанов, Асхат Дұтпаев, Нұрмұхамед Қамбар, Платон Шипицин, Артем Шалыгин, Әмірхан Маратов, Сұлтан Дәуренов;

Шабуылшылар: Давид Заречный, Айбын Дәулетұлы, Алан Бабашев;

Бапкерлік және әкімшілік штаб: Стюарт Холл – бас бапкер, Ермек Нұрғалиев – бас бапкердің көмекшісі, Есімбек Нұрахметов – бас бапкердің көмекшісі, Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Абылайхан Құрбанәлі – менеджер, Мағжан Мырзағали – медиа-офицер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары