Геннадий Скуртул: «Біздің мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту»

– Қазақстан футбол федерациясы техникалық директоры қызметіне келу - мен үшін құрмет. Ұсыныс түскенде, ұзақ ойландым. Өйткені жұмыстың маңызын түсіндім. ҚФФ-да бүгінгі таңда қандай білікті мамандар жұмыс істейтінін білген соң келісімімді бердім.
Федерация президенті Марат Талғатұлы Омаровтың стратегиялық жоспары ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жоспарымен сәйкес келетінін көрсетті.
Біздің мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту. Футбол саласындағы мамандар мен бапкерлер, оның ішінде сарапшылар, әдіскерлер, медициналық және техникалық мамандарды дайындау қажет. Қыздар футболының дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Барлық жастағы ұлттық құрамалардың күшейе түсуіне, жаттығудың заманауи әдістерін енгізуіне жағдай жасаймыз.
Аймақтағы футболдың дамуына да ерекше назар бөлетінімізді айтқым келеді. Өйткені өңірлер футболымыздың дамуының негізгі іргетасы болады.
Ең бастысы – алға жылжуға мүдделі барша тараптың күшін біріктіруіміз қажет: клубтар, академиялар, аймақтық федерациялар, бапкерлер, мамандар мен жанкүйерлер. Тек біріккен жағдайда ғана тұрақты нәтиже беретін, ел мақтанышына айналатын мықты футбол жүйесін қалыптастыра аламыз.