Марат Омаров: «ҚФФ әйелдер футболына қолдау көрсету мен дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады»

– Құрметті футбол жанкүйерлері!
Кеше отандық футбол тарихында айтулы сәтке куә болдық. Қазақстанда алғаш рет әйелдер арасындағы толыққанды Қазақстан чемпионаты өз жалауын көтерді!
Биыл біріншілікке алғаш рет 14 команда қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 500-ге жуық кәсіби футболшы қыздармен келісімшарт жасалды. Бұл – әйелдер футболының дамуына деген нақты қадам, жарқын болашақтың бастауы!
Чемпионат аясындағы барлық ойын YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар әр матч кәсіби комментаторлар жүргізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлайды. Бұл жобаның артында үлкен еңбек, шынайы сенім мен футболға деген махаббат жатыр.
Алда әлі талай қызықты матчтар, жаңа есімдер мен жарқын сәттер күтіп тұр. Бәріңізді қолдауға шақырамын!
Қазақстан футбол федерациясы әйелдер футболына қолдау көрсету мен дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.