«1XLegends - Аңыздар ойынының» аккредитациясы

Еске салайық, «Аңыздар ойыны» 25 cәуірде Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу 20:00-де басталады. Жасыл алаңға әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары шығады.
Жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады. Қазақстан аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады.
БАҚ өкілдерін тіркеу 2025 жылдың 20 сәуір сағат 12:00-ге дейін (елорда уақытымен) жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.
Аккредитацияға арналған өтінімдер kff.kz сайтының тиісті бөлімінде толтырылады.
Аккредитацияға қалай өтініш беруге болады?
- Іс-шараны таңдау (қай матч/іс-шара үшін аккредитацияға өтініш бересіз)
- Толық аты-жөніңізді толтырыңыз
- Электрондық поштаңызды көрсетіңіз
- Телефоныңызды көрсетіңіз
- БАҚ атауын көрсетіңіз
- Аккредитация түрін таңдаңыз (жазушы журналист немесе фотограф)
- Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпараттың сілтемесін қалдырыңыз
- Құжаттар тізімін жүктеп салу қажет: жеке куәлік, 3х4 фотосурет, бас редактор немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген аккредитация туралы өтініштер қабылданбайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Баспасөзге арналған орындар мен аккредитациялық бейджиктер саны шектеулі. Жіберілген өтінімдер қосымша қаралады.
Әрбір БАҚ үшін аккредитиация саны екеуден аспайды (тілші және фотограф/бейнеоператор).
Байланыс телефоны: +7 707 737 31 07 Айбар Рысдәулет, e-mail: press@kff.kz