Бауыржан Сағындық: «Қазақстан біріншілігінде ойнап жүрген жігіттерге басымдық бердік»

– Бұл – біздің алғашқы жиынымыз, алғашқы ойынымыз. Қазір ғана жігіттермен танысып жатырмыз, олардың мүмкіндіктерін байқап көрудеміз. Әзірге «қорғанысқа бейім бе, әлде шабуылға ма?» деп нақты айту қиын. Бұған дейін 2008 жылғы командада ұстанған принциптер сол күйі сақталған. Бірақ әлі де толық түсінік қалыптаспады, кейбір детальдар мен нюанстар бар.
Бүгін алаңға шыққан жігіттерді негізгі құрам деуге болады. Бірақ әлі де бәріне қарап, бағалап жүрміз. Бұл – Даму кубогы, сондықтан мұндай матчтарда футболшылар өзін көрсетіп, дамуға мүмкіндік алады. Шетелде ойнайтын балаларымыз да бар, бұл жолы оларды шақырмай, Қазақстан біріншілігінде ойнап жүрген жігіттерге басымдық беруді жөн көрдік, – деді Сағындық.
Айта кетейік, Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтіп жатқан УЕФА Даму турниріндегі алғашқы кездесуінде Беларусь командасын 3:2 есебімен жеңді. Келесі матчта жасөспірімдеріміз Қытай құрамасымен кездеседі.