Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу кезеңін бастайды: ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу кезеңін бастайды: ойыншылар тізімі жарияланды

23 мамыр 2025, 21:49
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

5 маусым күні Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңін Андорра жастар құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Матч 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында 19:30-да өтеді. 

Айта кетейік, жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусымда Астанада басталады. Тізімге 25 футболшы енді.

Қазақстан U-21 жастар құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»)

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетысу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»);

Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли («AKAS»);

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан-Тәңірі»);

Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Сағи Маликайдар («Тұран»), Мирас Оматай, Аслан Ахмедов (екеуі де – «Жетісу»), Тамерлан Агиманов («Ертіс»), Сэйф Попов («Алтай»), Абзал Баймолда («SD Family»).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары