Қазақстан құрамаларының мамыр-маусым айларындағы оқу-жаттығу жиындары мен матчтарының кестесі

Қазақстан құрамаларының мамыр-маусым айларындағы оқу-жаттығу жиындары мен матчтарының кестесі

23 мамыр 2025, 18:17
Халықаралық ресми жарыстарға дайындық аясында Қазақстанның ұлттық және жасөспірімдер құрамалары 23 мамыр мен 10 маусым аралығында бірқатар оқу-жаттығу жиындары мен жолдастық және ресми матчтар өткізеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы

Бас бапкер – Әли Әлиев

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты жалғастырады. Оқу-жаттығу жиыны аясында команда екі халықаралық матч өткізеді. 5 маусым күні Минск қаласындағы «Динамо» стадионында Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесу өтеді (ойын басталуы – 20:00, Астана уақытымен). Ал 9 маусымда елордадағы «Астана Арена» стадионында Солтүстік Македония құрамасына қарсы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ресми матч өтеді. Ойын басталуы – 19:00. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

 

Қазақстан жастар құрамасы (U-21)

Аға жаттықтырушы – Денис Мамонов

U-21 құрамасы 1-6 маусым аралығында Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл жиын 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық мақсатында ұйымдастырылады.
5 маусым күні «Астана Аренада» жастар құрамасы Андорра U-21 командасымен ресми кездесу өткізеді. Басталуы – 19:30. Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.

 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19)

Аға жаттықтырушы – Кирилл Кекер

U-19 құрамасы 31 мамыр мен 10 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жоспарға сәйкес үш жолдастық матч қарастырылған:

  • 5 маусымда Бірінші лига өкілі «Оңтүстік Академиясымен»;
  • 7 маусымда «Тұран» ФК-мен матч;
  • 10 маусымда «Ордабасы» клубымен кездесу өтеді.

 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17)

Аға жаттықтырушы – Бауыржан Сағындық

U-17 құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастайды. Жиын екі қалада – Талғар мен Әзербайжанның Габала қаласында өтеді.

6 маусымда команда Әзербайжан құрамасымен, ал 8 маусымда Грузия құрамасымен жолдастық кездесулер өткізеді.

 

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы

Бас бапкер – Мәдияр Кембілов

Әйелдер құрамасы 23 мамыр мен 4 маусым аралығында Алматыда, Бесағаштағы «Қайрат» футбол клубының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Команда төрт матч өткізеді:

  • 25 және 28 мамыр күндері Қырғызстан құрамасына қарсы жолдастық кездесулер (басталуы – 15:00, кіру тегін);
  • 30 мамырда Лихтенштейнге қарсы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы ресми матч (басталуы – 17:00);
  • 3 маусымда Люксембург құрамасымен кездесу (басталуы – 22:00).

Барлық ресми ойындар Алматының Орталық стадионында өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылуда.

 

Қазақстан қыздар құрамасы (WU-19)

Аға жаттықтырушы – Жанна Мальгаждарова

WU-19 құрамасы 26 мамыр мен 3 маусым аралығында Алматы және Ташкент қалаларында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын барысында Өзбекстан U-20 қыздар құрамасына қарсы сырт алаңда екі жолдастық матч өткізу жоспарланған: 30 мамыр және 2 маусым күндері.

 

Қазақстан қыздар құрамасы (WU-17)

Аға жаттықтырушы – Юлия Мамонова

WU-17 командасы 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы мен Бішкекте оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 27 және 30 мамыр күндері қыздар Қырғызстанның өз қатарлас құрамасына қарсы жолдастық матчтар өткізеді. Қос ойын да Бішкекте өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары