Өскеменде UEFA Playmakers жобасы аясында бапкерлерге арналған семинар өтті

Өскеменде UEFA Playmakers жобасы аясында бапкерлерге арналған семинар өтті

20 мамыр 2025, 18:40
13–15 мамыр күндері Қазақстан футбол федерациясының Әйелдер футболы департаменті мен «Алтай-Өскемен» футбол клубы бірлесіп, Өскемен қаласында арнайы семинар ұйымдастырды.

Оған жергілікті балабақша мен мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері және футбол орталығының бапкерлері қатысты.

Бұл шара УЕФА-ның қыздарға арналған бағдарламасын кеңейту аясында қолға алынып, Өскеменде ресми түрде бастау алды. Үш күн бойы қатысушылар теориялық және практикалық білім алып, жобаның негізгі әдістемесімен жан-жақты танысты. Бағдарлама қыз балалардың қиялы мен қызығушылығын оятып, футболды ойын арқылы үйретуді мақсат етеді.

Семинардың соңғы күні шағын футбол фестивалі түрінде өтті. Оған облыстық IT-лицейдің бастауыш сынып оқушылары мен «Сәулетай» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Кішкентай қатысушылар белсенділік танытып, жаттығуларды қызығушылықпен орындады. Шара соңында бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар, ал ұстаздарға арнайы сертификаттар табысталды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары