УЕФА-ның «С» санатындағы жаттықтырушылық курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды
08 мамыр 2025, 17:48

Оқудан өткісі келетін барлық үміткерлер Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы «KFF Academy» бөлімінде тіркеу формасын толтырып, талап етілетін құжаттарды қабылдау критерийлеріне сәйкес жолдауы тиіс. Құжаттар Астана қаласының уақытымен 2025 жылғы 2 маусым күнгі сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
УЕФА-ның «С» санатындағы курсқа қатысуға үміткерлерге қойылатын ең төменгі талаптар:
- Үміткердің орта арнаулы дене шынықтыру білімі және/немесе жоғары білімі болуы тиіс;
- Курстың ресми тілін (ауызша және жазбаша) жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет;
- Ұйымдастырушы тарап талап ететін барлық құжаттарды толық тапсыруы тиіс:
– Жеке куәлік немесе төлқұжат;
– 086 үлгідегі медициналық анықтама;
– Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтама;
– Соттылығы жоқ екені туралы анықтама;
– Электронды нұсқадағы фотосурет (өлшемі 3,5*4,5 см, сапасы жоғары); - Футбол бойынша практикалық жаттығуларға қатысуға денсаулығы бойынша қарсы көрсетілімдер болмауы керек.
Қосымша сұрақтар бойынша федерацияның ресми ресурстарына жүгінуге болады.
Жаңалықтар
06 мам., 22:29