Алматыда босқындар арасында «Бейбітшілік ойындары» футбол турнирі өтті

Іс-шара УЕФА-ның қолдауымен ұйымдастырылып, оған Қазақстандағы БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰБЖКБ) және Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамы серіктес ретінде қатысты.
«Бейбітшілік ойындары» — бұл жай ғана спорттық жарыс емес. Бұл — бірлік пен қолдаудың, бейбітшілік пен интеграцияның символы. Турнир әртүрлі ұлт пен тағдыр иелерін біріктіріп, оларды жаңа ортаға бейімделуге және Қазақстан қоғамының бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.
Қазақстан футбол федерациясы осындай әлеуметтік жобаларды қолдауды жалғастырады. Футбол көптеген адамдар үшін тек спорт емес, жаңа өмірге бастар жол, өзін көрсету мен қоғамға сіңісудің құралына айналуда.
Мұндай турнирлердің өткізілуі спорттың бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтатын маңызды құрал екенін айқындай түседі. Алматыда өткен «Бейбітшілік ойындары» — көпұлтты ынтымақтастық пен ашық қоғамға бағытталған маңызды қадам.