Қазақстан U-16 ұлттық академиясы Freedom QJ League екінші турында «Ұлытау» U-18 командасын жеңді

Қазақстан U-16 ұлттық академиясы Freedom QJ League екінші турында «Ұлытау» U-18 командасын жеңді

10 мамыр 2025, 19:18
Ұлттық академия ойыншылары Freedom QJ League екінші турында Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында «Ұлытау» U-18 клубына қарсы матч өткізді.

2010 жылы туған ойыншылардан жасақталған ұлттық академия ұжымы «Ұлытау» U-18 командасын сырт алаңда жеңді. Кездесудің әр таймында бір голдан соғылды. Алдымен 20-минутта Платон Шипицин есеп ашты. Ал үзілістен кейін, 63-минутта Давид Заречный өзі алып берген пенальтиді сәтті орындады. Қорытынды есеп – 2:0, қонақтар қатарынан екінші жеңіске жетті.

«Ұлытау» U-18 – ҚФФ U-16 академиясы – 0:2 (0:1)

Голдар: Шипицин 20 (0:1), Заречный (п) 63 (0:2);

ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Асхат (қ), Рахимбаев, Турищев, Жұмагелді, Лисохмар, Дұтпаев (к) (Болат 46), Оспанов, Шипицин (Жақұпов 70), Маратов (Бабашев 46), Шалыгин, Заречный;

Қосалқы құрам: Дүкенбаев (қ), Каси, Бабашев, Қамбар, Болат, Жақұпов, Оразғалиев;

10.05.2025. «Металлург» стадионы, Жезқазған.

 

Бөлісу
Жоғары