Астанада «Былғары доп» Ұлттық Мектеп Лигасының финалдық кезеңі басталады

Астанада «Былғары доп» Ұлттық Мектеп Лигасының финалдық кезеңі басталады

05 мамыр 2025, 10:43
5-10 мамыр аралығында Футбол үйінде 7-8 сынып оқушылары арасындағы «Былғары доп» Ұлттық Мектеп Лигасының финалдық кезеңі өтеді.

Бұл республикалық турнирдің шешуші кезеңіне Қазақстанның барлық өңірінен келген 16 команда қатысады.

Финалдық кезең топтық және плей-офф кезеңдері форматында өтеді. Ауқымды мектеп жобасының жарқын қорытындысы болмақ, бұл бастама еліміздегі балалар футболын дамытуға бағытталған.

Топтық кезең құрамы:

A тобы:

  • Ақмола облысы

  • Жамбыл облысы

  • Қостанай облысы

  • Астана қаласы

B тобы:

  • Атырау облысы

  • Маңғыстау облысы

  • Павлодар облысы

  • Түркістан облысы

C тобы:

  • Алматы облысы

  • Жетісу облысы

  • Қызылорда облысы

  • Алматы қаласы

D тобы:

  • Ақтөбе облысы

  • Қарағанды облысы

  • Абай облысы

  • Шымкент қаласы

«Былғары доп» турнирі Ұлттық Мектеп Лигасы аясында өткізіліп, мектеп оқушылары арасындағы футбол таланттарын анықтауға, дамытуға және еліміздің өңірлерінде футболды кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Қазақстан футбол федерациясы барлық қатысушыға адал бәсеке, әсерлі ойындар және еліміздегі басты мектеп турнирлерінің бірі ретінде есте қаларлық сәттер тілейді!

Бөлісу
Жоғары