Қазақстан U-16 ұлттық академиясы Freedom QJ League маусымын жеңіспен бастады

Қазақстан U-16 ұлттық академиясы Freedom QJ League маусымын жеңіспен бастады

04 мамыр 2025, 21:27
Ұлттық академия ойыншылары Freedom QJ League алғашқы турында «Алтай» U-18 клубын қабылдады.

Стюарт Холл шәкірттері Талғардағы «Пеле» стадионында өткен ойында қонақ команданың қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Әмірхан Маратов дубль авторы атанса, Арғын Жұмагелді, Давид Заречный және Платон Шипицин де мергендігімен көзге түсті. Осылайша, ұлттық академия маусымды сенімді жеңіспен бастады.

ҚФФ U-16 академиясы – «Алтай» U-18 – 5:0 (2:0)

Голдар: Жұмагелді 9 (1:0), Заречный 44 (2:0), Шипицин 51 (3:0), Маратов 64 (4:0), Маратов 80 (5:0);

ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Асхат (қ), Рахимбаев (Қаси 85), Турищев (Қуанышев 85), Жұмагелді (Оразғалиев 78), Лисохмар (Жақұпов 73), Дұтпаев (к) (Болат 61), Оспанов, Шипицин, Бабашев (Маратов 46), Шалыгин), Заречный;

Қосалқы құрам: Дүкенбаев (қ), Қаси, Қуанышев, Болат, Жақұпов, Маратов, Оразғалиев;

04.05.2025. «Пеле» стадионы, Талғар.

Бөлісу
Жоғары