Қазақстан U-16 ұлттық академиясы Грузиядағы оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады

Қазақстандықтар есепті 52-минутта ашты — Әмірхан Маратов Давид Заречныйдың пасынан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. 69-минутта Қазақстан құрамасы өз басымдығын еселеді. Бұл жолы Артем Шалыгиннің жеке шеберлікпен жасаған өтпелі шабуылынан кейін Әмірхан Маратов дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – қазақстандықтардың пайдасына 2:0.
«Селеро академиясы» U-17 – Қазақстан U-16 – 0:2 (0:0)
Қазақстан U-16 академиясының голдары: Маратов 52 (0:1), Маратов 69 (0:2);
Қазақстан U-16 академиясының құрамы: Заманбек (қ) (Дүкенбаев 46), Оразғалиев (Жақұпов 46), Турищев (Қаси 46), Қуанышев (Жұмагелді 46), Лисохмар, Дұтпаев (к) (Оспанов 46), Хизметов (Қамбар 79), Шипицин, Бабашев (Маратов 46), Шалыгин, Заречный (Болат 59);
Қосалқы ойыншылар: Дүкенбаев (қ), Қаси, Жұмагелді, Қамбар, Оспанов, Болат, Жақұпов, Маратов;
29.04.2025. Тбилиси, Грузия.