Астанада қыздар арасында футзалдан QFSQL Студенттік лигасының финалдық кезеңі өтіп жатыр

Астанада қыздар арасында футзалдан QFSQL Студенттік лигасының финалдық кезеңі өтіп жатыр

29 сәуір 2025, 12:09
Астана қаласындағы «Сайран Арена» спорт кешенінде колледждер мен университеттер арасында қыздар арасындағы Қазақстан студенттік футзал лигасының (QFSQL) финалдық ойындары өтіп жатыр.

Еліміздің 11 облысы мен қаласынан келген 15 үздік команда — 6 университет және 9 колледж ұжымдары — чемпиондық үшін бақ сынайды.

Финалға қатысатын университеттер:

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.);

  • Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Шымкент қ.);

  • Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау қ.);

  • Назарбаев Университеті (Астана қ.);

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ.);

  • «Туран» университеті (Алматы қ.).

Финалға қатысатын колледждер:

  • Қарағанды жоғары BOLASHAQ колледжі (Қарағанды қ.);

  • Талғар жоғары медициналық колледжі (Алматы облысы);

  • Шымкент жоғары педагогикалық колледжі (Шымкент қ.);

  • Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжі (Астана қ.);

  • Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық жоғары колледжі (Петропавл қ.);

  • Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, Мұрын жырау Сенгірбекұлы атындағы (Ақтау қ.);

  • №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі (Алматы қ.);

  • Талдықорған жоғары медициналық колледжі (Талдықорған қ.);

  • Ақтөбе индустриялық-кәсіби колледжі (Ақтөбе қ.).

Барлық матчтар Қазақстан футбол федерациясының KFF Zhastar YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу
Жоғары