Астанада UEFA Share бағдарламасы бойынша жаттықтырушылар курсы өтеді

Бұл іс-шараға Қазақстаннан алты маман, сондай-ақ Андорра, Беларусь, Хорватия, Эстония, Венгрия, Люксембург, Румыния, Ресей және Швейцария футбол қауымдастықтарының өкілдері қатысады. Курста қатысушылар спорттық тамақтану, футзал ойыншыларын дайындау ерекшеліктері бойынша теориялық білім алып, заманауи әдістемелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасады.
Бағдарлама аясында халықаралық тәжірибе алмасуға және үздік тәжірибелерді үйренуге ерекше мән беріледі.
Курста Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Геннадий Скуртул спикер болады. Сонымен қатар дәріс оқуға халықаралық сарапшылар Пьер Баррье (Франция), Наоми Датсон (Англия), Бруно Травашош (Португалия) шақырылды.
UEFA Share бағдарламасы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы тарапынан жүзеге асырылады. Курс үш негізгі бағытқа – бапкерлерді дайындау, әйелдер футболы мен бұқаралық футболды дамытуға арналған.